Назарбаев ескерткішін құлатқан ер адамды азаптаған полицей ұсталды

0

Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін бұзғаны үшін күдікті Азамат Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген полицейлер қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген азамат ақыры қамауға алынды деп сендіре аламын. Үлкен және ауыр жұмыс атқарылды. Біз құқықтық шындыққа қол жеткіздік» деп жазды Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Азанов Facebook парақшасында.

Азанов қалған мәліметтерді тергеу құпиялылығына байланысты жария етпеді.