Назарбаев енді сені де аямайды деді – Әбдірахманов

0
20843

Назарбаевпен араңыз неге суып кетті? Ел айтады Әбдірахменов пен Назарбаевтың арасына жік түсуіне елім-ай деген инвестициялық қорға байланысты екен деп. Солай ма?

Мен 1993 жылы ғазиз алдамжаров деген депутат, Есеп комитеті ол кезде жоғарғы кеңестің құрамында болатын. Бюджеттік қылмыс, бюджеттің ақшасын ұрлау, жекешелендіруде жіберген ұрлықтарды таба бастады. Том-том құжат жинады. Біз соны қолдап, бір отырыста қызып кетіп Қажыгелдин, Терещенко сендер ұрысыңдар деп айттым.

Содан кейін мені аңди бастады. Мен Елім-ай қорын құрып бизнес жаққа ығыстым. Бас прокурор болған Жармахан Тұяқбай маған қатысты 13 том құжат жинады. 3,5 жыл тергеді, бірақ іліп алар ештеңе таппады. Олар адал адамдарды араларына сыйдырмады.

1999 жылы халықаралық қоғамдастықтың қысымымен олар сайлауға барып Серікболсын Әбдилдин сайланды Мәжілістің екінші құрамына. Округтан мен өттіп. Оның өзінде көп азамат емес. 2007 жылға дейін бізді шыдатып, кейін жоқ қылды ғой. Себеп болған жүйенің ұрлығы. Айып тағатын ештеңе таппады. Артымыздан тыңшылар да аңдыды. Арым таза. Бірдеңе тапса баяғыда қамап қояр еді.

2006 жылы соның тапсырысымен Әділбек Жақсыбеков шақырып, дікіңдейді. Дікіңдеме дедім. Сен мені допросқа шақырдың ба? Жоқ, мемлекет басшысы сұра деді. Олардың барлығының намысына тигені генералдар тергеушілерден жылу жинайды деп айтқаным. Сіз айтыңызшы осы генералдардың атын дейді. Мен айттым, оларды ұстағыларың келсе мені Бас прокурор қылып тағайындаңдар. Құзырет беріңдер алдарыңа тізгіндеп алып келемін дедім. Заманбек, Алтынбектердің өлімін көрген сол кезде тоқсандағы шешем айтты – балам не қыласың, Назарбаев енді сені де аямайды деді. Содан кейін депутаттығын тартып алды.

Тоқаевқа деген өздерінің адалдығын білдірген жандар аз. Сол себепті — ұры жүйенің ортасында қоршауында отырған Тоқаев қауіпті жағдайда отыр. Ештеңе істеткізбей отыр.

Біз нарықтық жүйе құрған жоқпыз. Бәрі парамен жүреді. Қазір де парамен жүріп жатыр. Дәлелді іздеудің керегі жоқ. Маған бірақ ел хат жазып жатыр.