Назарбаев елордаға оралды

0

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда өткен дипломатиялық форумға Ердоғанның шақыртуымен арнайы барған. Кейін БАҚ беттерінде оның ұшағы Түркиядан оралмағаны туралы ақпарат тарады.

«Қазақстанның бас инсайдері» Ербол Еділов кеше телеграм арнасында Назарбаевтың елордаға оралғаны туралы ақпарат жариялады.

«Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласына Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы арқылы ұшып келді. Елордадағы әуежайдың VIP-терминалы 19:50-20:30 аралығында жабық болды. Ал Астанаға президенттіктен кеткеннен кейін де Назарбаевтың иелігінде қалған Airbus A330-243 Prestige ұшағы ұшып келе жатыр», – деп жазды ол.