Назарбаев елдегі экономикалық ахуалға баға берді

0
40

Елбасы елдегі экономикалық ахуалға баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Досаев Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде баяндады.

Назарбаев қазір мұнай бағасының өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында ұлттық банк пен үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын», – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Назарбаев қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу үшін қабылданып жатқан шаралармен танысты.



sputniknews.kz