Назарбаев ЕАЭО-ның құрметті төрағасы болуы мүмкін

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Тұңғыш президент құрметті төраға лауазымын иеленуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақта құрметті лауазымға ие болуы мүмкін.

Өзбекстан президенті Назарбаевты «ағам» деп, алғысын айтты

29 мамырда өтетін, одақтың бес жылдығына арналған ЕАЭО саммитінде Назарбаев оның құрметті төрағасы болып тағайындалуы мүмкін, деп жазады ресейлік «Коммерсант» газеті.

Назарбаев Арменияның қамауда отырған бұрынғы президентіне хат жолдады

Басылым мәліметіне сүйенсек, одақты құру идеясын о баста Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғандықтан, осындай шешім қарастырылып жатыр.

Еуразиялық экономикалық одақ саммиті Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында мамырдың соңында өтеді. Оған ЕАЭО-ға мүше елдердің (Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан) президенттері қатысып, одақтың бес жыл ішіндегі жұмысын талқылайды.

Шыңғыс Айтматов Назарбаевтың саясаты туралы не айтқа?

«Ъ» жазғандай, бұл күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше назарда болады.

«ЕАЭО өкілдерінің пайымдауынша, ол одақтың құрметті төрағасы болып тағайындалады», — деп хабарлайды БАҚ.

Айта кетсек, қазір мұндай лауазым жоқ екен, сол себепті Назарбаевтың болашақ өкілеттігі қандай екені әлі белгісіз.

Айсұлтан Назарбаев қажылыққа барды — видео



sputniknews.kz