Назарбаев дәрі-дәрмек бағасын реттейтін заңға қол қойды — Ел жаңалықтары

0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы халықты дәрілік қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламда.

Айта кетейік, заңда дәрі-дәрмек бағасын шектеулі сомаға дейін реттеу мәселесі қарастырылған. 

Сондай-ақ, заңда дәрілік заттардың бағаларын қалыптастырудағы жоспарланып отырған өзгерістер бағаны реттеудің 4 деңгейін көздейді: өндіруші, көтерме сауда, бөлшек сауда, сондай-ақ тегін медициналық көмекті кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сатып алу деңгейлері. 

Өндірушінің бағасын тіркеу референттік елдердің тұтынушылық орамының бағасы негізінде жүргізіледі, сондай-ақ үстеме бағаның регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік препараттарды көтерме және бөлшектеп сату маржасы реттелетін болады.

Қазіргі таңда аталған Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында, жақын арада ол екінші оқылымға кіргізіледі және ҚР Парламент Сенатына жолданады. Ағымдағы жылдың соңына дейін заңға қол қою жоспарлануда.

Одан басқа, Министрлік 2017 жылдың басынан ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық қызметтер мен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесін орталықтандыруды есепке алу мен Бірыңғай дистрибьютор тізімі толықтай қайта қаралды.

Атап айтқанда, амбулаториялық тұрғыда тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар тізбесі экономикалық жағынан тиімді препараттарды қосу жолымен қайта қаралып, кеңейтілді. Мысалы, С вирустық гепатитін емдеу үшін қымбат тұратын және тиімділігі төмен (60 пайыз) пегилирленген интерферондармен терапия тиімділігі жоғары (98 пайыз) емдеу схемасымен (софосбувир+даклатосвир) алмастырылды, ол емделген науқастар санының 500-ден 40 000 адамға жоғарылауына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, дәрілік заттарды шетелдік өндірушілермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 175 аталымдағы медициналық препараттар бағасы орташа 23 пайызға төмендеді, ал отандық өндірушілер ұзақ мерзімді шарттар аясында бағаны төмендету жөніндегі қабылданған міндеттілікке сәйкес, 134 аталымдағы дәрілік заттар бағасын 5 пайыз төмендетті.

Қазіргі таңда дәрілік нарық дәріхана арқылы дәрілік заттарды коммерциялық сату және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып бөлінетінін атап өткен жөн. Бүгінгі күні нарықтағы коммерциялық сату бағасы реттелмейді. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz