Назарбаев: Бүгінгі таңдағы үлкен кедергі – санкциялық текетірес

0
29 Желтоқсан 2018, 00:30 172 0

Фото: tvc.ru

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Ресеймен қарым-қатынас туралы айтты.

«Қазақстанда 2014 жылы құрылған Еуразиялық Экономикалық Одақ бірден ауыр жағдайға қалды. Дағдарыстың шарықтау шегі еді. Ал қазіргі уақытта Одаққа мүше елдер арасындағы сауда-саттық айналымы биыл төрттен бір процентке, яғни 25, 5% өсті. Оның 90 проценті Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық», — дейді ол.

Бұл Одаққа мүше барлық мемлекет экономикасы үшін тиімді әрі пайдалы.

«Ресей мен Қазақстан қатынасы – барлық салаға қатысты жоғары деңгейдегі эталон. Ортақ саясат – сенімге негізделген қарым-қатынас. Бүгінгі таңдағы үлкен кедергі – АҚШ пен Ресей арасындағы санкциялық текетірес. Бұл текетірес жалғаса берсе – балаларымыздың, ұрпағымыздыың болашағына сеніммен қараймыз деп айта алмаймын. Ұлы мемлекеттер әрдайым адамзат үшін жауапкершілікте болып, бейбіт өмір үшін жауап берген. Қазіргі уақытта осы туралы ойлауы керек төрт мемлекет арасында өзара түсіністік жоқ. Қажет болса, бұл төрт мемлекет кездесіп, келісімге келуі керек. Тіпті үлкен соғыстың срңы өзара келісіммен аяқталып жатады», — дейді Назарбаев.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ