Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты марапаттады — новости Казахстана

0

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Охотзоопром» инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев мемлекеттік наградамен марапатталды деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Азаттық/ Оспан Әлі. Коллаж NUR.KZ

Фото: Азаттық/ Оспан Әлі. Коллаж NUR.KZ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Петр Ницык пен марқұм Ерлан Нұрғалиев қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталған.

Қос инспектор да ІІІ дәрежелі «Барыс» орденіне лайық деп табылған.

Президент тиісті жарлыққа 31-ші қаңтар күні қол қойған.

Фото: facebook.com/AkordaPress

Фото: facebook.com/AkordaPress

Еске сала кетейік, «Охотзоопром» компаниясының екі қызметкеріне браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Бұл оқиға Қарағанды облысындағы инспекторлардан қашып кетпек болғандардың ізіне түсу кезінде орын алған.

Салдарынан қызметкерлердің бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды. Ал тірі қалған қарағандылық инспектор оқиғаны баяндап берген еді.

Кейін арқұм болған инспектордың өліміне күдікті деп танылған азаматтарға іздеу жарияланып, күдікті ретінде үш ер адам ұсталған.

Ал Астанаға жиналған марқұмның туыстары екінші көлікте болған төрт адамның іске куәгер ретінде тартылып жатқанын айтып, жанайқайын жеткізген болатын.

Сондай-ақ, күдікке ілінгендердің бірінің әкесі Ерлан Нұрғалиевтің отбасы мен туыстарынан және халықтан ұлы үшін кешірім де сұраған еді.

Дереккөз: kaz.nur.kz