Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем туралы заңға қол қойды

0
Экономика

Қысқа сілтеме алу

941 0 0

Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін фрилансерлер 2019 жылы 2525 теңге, ал басқа өңірдегілер 1263 теңге төлейді

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшерін белгілейді. Жаңа ережеге сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бейресми жұмыспен қамтылған қазақстандықтар бірыңғай жиынтық нтөлемді (БЖТ) жасауға кіріседі.

БЖТ төлеушілер үшін табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер бойынша ең төменгі мөлшерлеме 1 АЕК (елорда, республикалық және өңірлік маңызы бар қалаларға) және 0,5 АЕК (басқа елді мекендердің тұрғындары үшін) көлемінде белгіленеді. 2019 жылы 1 АЕК 2525 теңге болады.

Сонымен бірге, бейресми жұмыспен қамтылғандар үшін жиынтық төлем қызметті тіркеуді білдіреді, сондай-ақ міндетті медициналық, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/