Назарбаев ауылындағы атыстың себебі белгілі болды

0

7 наурыз күні кешке Қарасай ауданындағы Шамалған ауылының маңында  жастардың екі тобы  арасында жанжал шығып, арты  атысқа ұласқан.

Оған 30-ға жуық адам қатысты, қазірдің өзінде 17 адам ұсталды.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, заңсыз әрекеттерді тоқтатуды талап еткен полицейлердің арқасында атыс салдары барынша азайтылған. Қылмыскерлер полицейлерге бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан кетіп қалған. Қатысушылардың бірі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнын тексеру кезінде криминалистер мылтықтан  жасалған  тегіс ұңғылы және травматикалық қарулардың көптеген жарамсыз патрондарын тапты. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қоғамдық резонанс тудырған атыс дерегіне Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды.

Бүгінгі таңда облыс полицейлері 17 адамды ұстап үлгерді, 16-сы уақытша ұстау изоляторына, біреуі үйқамаққа алынды. Сондай-ақ, мемлекетаралық іздеуде жүрген тағы үш қатысушы анықталды. Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Атыс қаруын қолданып бұзақылық жасау», ҚР ҚК-нің 380-1-бабы «Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу», «Атыс қаруын қолданып, бұзақылық жасау» бойынша айып тағылуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-баптары да таңылды.

«Кісі өлтіруге оқталу» қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде тіркелген жанжалға қатысушылардан әртүрлі калибрлі 12 атыс қаруы тәркіленді.

Сондай-ақ, полицейлер ұсталған көліктерді (Лексус, ВАЗ, Мерседес, Тойота, т.б.) қажетті сараптамадан өткізу үшін арнайы тұраққа қойды.

Қылмыстық іздестіру шаралары аясында полиция қызметкерлері оқиғаның қалған қатысушыларын анықтау және іздеу жұмыстарын жалғастыруда.