Назарбаев әуежайында оқ атылды: бірнеше адам зардап шекті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазіргі кезде ішкі қызметтік тергеу басталды. Көліктегі ішкі істер органдары да сотқа дейінгі тергеу шараларын қолға алды

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана белгілі болып отыр.

«Жоспарлы оқу-жатығулар кезінде қаруды дұрыс пайдаланбаған қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері абайсызда оқ атқан. Соның салдарынан осы қызметтің үш маманы жарақат алды. Біреуі медициналық көмектен бас тартты. Екеуі орта дәрежеде жарақат алған. Олар қаланың медициналық мекемелерінде емдеу курсынан өтіп жүр», – деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай өкілі Sputnik Қазақстанға.

Қазіргі кезде ішкі қызметтік тергеу басталды. Көліктегі ішкі істер органдары да сотқа дейінгі тергеу шараларын қолға алды.

«Осы факт қылмыстық кодекстің 114-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа абайсызда зиян келтiру) бойынша Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді», – дейді құқық қорғаушылар.

Тағы оқыңыз: Әуежайда ұшақтан түсірілген сөмкеден бес айлық сәби табылды – видео

Бұл бапқа сәйкес, кінәлі адам бір мың айлық есептік көрсеткішке (2 миллион 525 мың теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Сондай-ақ, төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз