Назарбаев атындағы даңғылдардың атауы өзгере ме?

0

Мәжіліс депутаты еліміздің өңірлерінде Назарбаев көшелерін қайта өзгерту туралы қазақстандықтардан ұсыныс бар екенін хабарлады.

«Жалпы, Елбасы туралы осы заңның күшін жоғалту — қоғамның өтініші. Енді біз өңірлерді аралап жүргенімізде белгілі бір мәселелер бар, өйткені әр облыста Нұрсұлтан Назарабаев атындағы үлкен даңғылдар және т.б. жетерлік. Менің ойымша, бұл мәселе жергілікті деңгейде шешілуі керек. Атауын өзгерту үшін мәслихат шешімі қажет. Бірақ азаматтардың белгілі бір сұраулары бар», — деді Мәжіліс аясында Еран Саиров.

http://t.me/orda_kz

Фото: baribar.kz