Назарбаев Алматыдағы маңызды мәселелерді атады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Елбасы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті. Әкім өндірісті, құрылысты дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы хабарлады

АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қаңтарындағы қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші және олардың даму перспективалары туралы айтты. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев өндірісті, құрылысты дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы хабарлады.

Қала әкімінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарында инвестиция көлемі 43,2 млрд теңгеден асты. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өсім 22%-ті көрсетіп отыр. Бөлшек сауда 7,5% -ке өсті. 2020 жылдың алғашқы айында қалада 84,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7% -ке көп.

«Өткен жыл жақсы көрсеткішпен аяқталды. Алматы – Қазақстанның ең ірі қаласы. Қалада көптеген мәселе бар екенін білемін. Ол мәселелер бұрын да болған. Бұл экология, көлік, шағын және орта бизнестің дамуы, көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселесі. Олар бізге бұрыннан белгілі, оларды жүйелі түрде шешу маңызды», — деді Назарбаев.

Сондай-ақ, өсіп жатқан қала тұрғындарын аурухана, мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.



sputniknews.kz