Назарбаев 8 миллиард доллар активті қалай басқарады – БАҚ

0

Британдық The Daily Telegraph газеті журналистерді зерттеу бюросының (TBIJ) Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2020-2021 жылдары Ұлыбританияда тіркелген Jusan Technologies холдингтік компаниясын «өзінің қорында жиналған 8 миллиард долларға жуық активтерді сақтау және бақылау үшін пайдаланғаны» туралы есебін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Хабарда 2020 жылы құрылған «Jusan Technologies» холдингін Назарбаевтың есімімен аталатын үш жеке қор, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры да бақылағаны айтылған. Ондағы акциялар, TBIJ мәліметінше, Қазақстанның басқарушы элитасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің басқарушы топтарымен байланысқан компанияларға тиесілі.