Назарбаев 5 наурызда маңызды жиын өткізеді
Бұған дейін Елбасы Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. 5 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды», — деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Нурсултан Назарбаев подписал Постановление о созыве заседания Бюро Политического совета партии @Nur_Otan 5 марта 2020 года в городе Нур-Султане
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) February 21, 2020
Айта кетсек, 18 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда партияның 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланады.
Тағы оқыңыз: Назарбаев Мамин мен Досаевты неге шақырып алды?
Бұған дейін Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын. Тұңғыш президентке партия активінің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс пен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп берілді.
sputniknews.kz