«Назар аударта алмай жүрген жасөспірім қыз сияқты»: Балжан Бидаштың жаңа образы сынға қалды

0

Танымал әнші Балжан Бидаштың жаңа образы ел талқысына түсті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қолаң шашын қиып, қысқа шаш үлгісін жасаған. Көзіне линза тағып, шашын қара түске бояған.

“Өзгеріске толы өмір. Жаңа образ қалай?! Денсаулық, идея, ақыл, өнер бар. Енді неге соны жасамасқа?! Ұнамаса шығып кетуге болады», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының жаңа образына түрлі пікір білдіріп, сын айтып жатыр.

“Одри Хепбернге ұқсағысы келген сияқты”, “Назар аударта алмай жүрген жасөспірім қыз сияқты”, “Мына шашыңыз түк те жараспай қалды”, “Енді бір жақсы жігіт жолықсын”, “Сіздің болмысыңызды ашпайтын образ”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, «Той көйлегін таңдаймыз» деп Балжан Бидаш тосын жаңалығын жария еткен еді.