Наурыздың 10-ы күнгі ауа райы болжамы

0
272

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 10-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың басым бөлігінде жауын, солтүстік өңірдің бірқатар бөлігінде қар жауады. Сондай-ақ Қазақстанның кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді.

Республиканың оңтүстігінің кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с, тұман түсіп, түнде көктайғақ болады.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ге жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел скундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болып, Жарма ауданында екпіні 25 м/с-ға дейін барады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады. Күндіз бірқатар аймақа көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Маңғыстау облысында көктайғақ болады.