Наурыз мерекесін тойлау кезінде 100-ге жуық адам суға батып өлді – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қайғылы оқиға Ирактың Мосул қаласына жақын жерде болған

АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ирактағы Тигр өзенінде туристер паромы апатқа ұшырап, 100-ге жуық адам суға батып кетті, деп хабарлады BBC.

Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған. Онда паромдағы адамдарды су ағызып әкеткенін анық көруге болады.

Туристер паромы Наурыз мерекесіне орай жалға алыныпты. Оның бортында шамамен 200 адам отырған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 93 жолаушы суға кеткен. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, паромдағы жолаушылардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Олар суда жүзуді білмеген.

Алдын ала болжам бойынша, туристік паромға шектен тыс көп адам отырғандықтан, әрі Тигр өзеніндегі су дейгейінің көтерілуі салдарынан ол суға батқан.



sputniknews.kz