Наурыз мейрамында теңге аздап нығайды – Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының айырбастау пункттерінде АҚШ доллары орташа есеппен 452 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Доллар құны 376 теңгеге дейін түсіп кетті

Ұлттық банктің 21-26 наурыздағы ресми бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 444,8 теңге.

Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, елордада доллар сататын аз ғана айырбастау орындарында оны 451-453 теңгеге сатып алуға болады. Еуро құны бір бірлік үшін 489-дан 500 теңгеге дейін өзгереді. Ресей рублі – бір рубль үшін 5,92-6 теңге.

Алматы айырбастау орындарында  бір доллар – 455-456 теңгеден, еуро – 490-493 теңгеден, рубль – 6-6,15 теңгеден сатылады.

Шымкентте доллар сатып алуға орташа бағам 455-456 теңге, еуро – 482-497 теңге, рубль – 5,95 – 6 теңге көлемінде тіркелді.

Айта кетейік, 21 наурыздан 25 наурызға дейін Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттері 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Осындай шешімді коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі астаналық жедел штаб қабылдады.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз