Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады

0

Наурызда қазақстандықтар дәстүр бойынша көктем мен Наурыздың жаңару мерекесін атап өтеді.

Биылғы жылы Наурыз мейрамының бірінші күні жексенбіге келеді, сондықтан бұл күндегі демалыс 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылды.

Нәтижесінде қазақстандықтар биыл Наурыз мейрамында 5 күн — 20, 21, 22, 23, 24 наурызда (бес күндік жұмыс аптасымен) демалады.

Алты күндік жұмыс аптасымен демалыс күндері 21, 22, 23, 24 наурызға түседі.

Осылайша, біз жұмысқа 25 наурыз, бейсенбіде шығамыз.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус ауруы бойынша қызыл аймақта және бұл қалаларда мерекелік іс-шаралар тоқтатылған. Бұл қалалардың тұрғындары Наурызды өз үйінде тойлайды.