науқастардың саны он бір мыңнан асты

0

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 11 308 адамға жетті. Өткен тәулікте өсім 4,1% болды

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанда тағы 450 адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы өткен тәулікте өсім 4,1% болғанын хабарлады.

Өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы — 101 (4,8%),
  • Атырау облысы — 69 (6,7%),
  • Қарағанды облысы — 59 (6,8%),
  • Батыс Қазақстан облысы — 44 (7,1%),
  • Шымкент қаласы — 32 (3,8%),
  • Алматы қаласы — 31 (1,2%),
  • Қызылорда облысы — 318 (8,4%),
  • Маңғыстау облысы — 17 (6,%),
  • Шығыс Қазақстан облысы — 16 (13,4%),
  • Ақмола облысы — 14 (9,2%),
  • Түркістан облысы — 9 (2,4%),
  • Алматы облысы — 8 (2,3%),
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 5 (9,3%),
  • Қостанай облысы — 5 (2,8%),
  • Ақтөбе облысы — 5 (1,5%),
  • Жамбыл облысы — 3 (0,8%),
  • Павлодар облысы — 1 (0,5%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 11 308. Індеттен 5404 науқас жазылып, 41-і қайтыс болды.

Батыс Қазақстанда коронавирус індетінен бір адам көз жұмды 



sputniknews.kz