науқастардың саны 3,3 мыңнан асып кетті
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3 356 адамға жеткенін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 83 адам коронавирус жұқтырды.
«Ақтөбе облысында 27, Нұр-Сұлтан қаласында 8, Алматы облысында 3, Павлодар облысында 1, Жамбыл облысында 4, Алматы қаласында 40 науқас тіркелді», — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Осылайша Қазақстанда індетке шалдыққандардың саны 3 356 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 639 адам,
- Алматы қаласында – 1028,
- Шымкент қаласында – 192,
- Ақмола облысында – 99,
- Ақтөбе облысында – 109,
- Алматы облысында – 138,
- Атырау облысында – 135,
- Шығыс Қазақстан облысында – 20,
- Жамбыл облысында – 123,
- Батыс Қазақстан облысында – 146,
- Қарағанды облысында – 149,
- Қостанай облысында – 49,
- Қызылорда облысында – 198,
- Маңғыстау облысында – 48,
- Павлодар облысында – 129,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
- Түркістан облысында – 124.
Соңғы мәлімет бойынша 858 адам жазылып шығып, 25-і қайтыс болды.
sputniknews.kz