Науқас арқасына пышақ қадалған күйі темекі шегуге шықты

0
137
Advertisement

Ер адам ауруханаға қатты мас күйінде жеткізілген

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Татарстанның Зеленодольск аудандық ауруханасында науқас арқасына пышақ қадалған күйі темекі шегуге шыққысы келді, ол қатты мас болатын, деп хабарлады РИА Новости елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде пайда болған видеода жартылай жалаңаш адам аурухана дәлізімен кетіп барады, арқасына пышақ қадалып тұр. Дәрігерлер қайда бара жатырсың десе, ол «темекі шегуге» деп жауап берді. Ақыры соңында аурухана қызметкерлері оны сыртқа шықпауға көндірді.

Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет бойынша, ер адамға ота жасалған екен, қазір жағдайы жақсы. Қатты зардап шекпеген көрінеді –  бұлшық етіне ғана зақым келіпті.

Науқас миына ота жасаған кезде айғайлап дұға оқыды – видео

Ведомство өкілі атап өткендей, науқас удай мас күйінде аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер рентгенге түсіріп, сараптама алған соң, ер адам процедураны күтіп жатқанда, темекі шеккісі келіп, далаға шықпақ болыпты.

Ұзақ жыл ауруханада істеген ер адам 100 науқасты өлтіргенін айтты



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз