Науқас әке қызын емдету үшін өз өмірін құрбан етті — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қытайлық ер адам қатерлі ісікпен ауырғанымен, қызын емдету үшін өзіне ем алудан бас тартты.

Сунь Ин есімі студент әкесінің өз өмірін қалай құрбан еткенін айтты. 2014 жылы ер адамға өкпе қатерлі ісігі деген диагноз қойылды. Ал, 2015 жылы қызына лимфома диагнозы қойылды. Ол лимфатикалқ жүйенің қатерлі дерті. Отбасының екі адамды емдейтін жағдайы болмаған. Сондықтан әкесі өз емін тоқтатады. Сол жылдың желтоқсан айында өзі мерт болады. 

2015 мен 2018 жыл аралығында Сунь 30 курс химиятерапия, 20 курс радиотерапия, бірнеше ота жасатты. Уақытының көп бөлігін 21 жастағы қыз оқуға жұмсады. Емді демалыс күндері алды. Ұзақ уақыт бірге оқыған достары оның науқас екенін білмеді. 

Студент қыздың шашы түсіп, 18 келіге арықтап кетті. Былтыр бес ай 40 градус температурамен төсек тартып жатты. Сунь анасынан өзіне академиялық демалыс алуын сұрайды. Сол кезде ғана оқытушысы мен топтастары оның ауырып жатқанын біледі. Оған 100 мың юань жинап береді. 

Сунь бұл қаражаттың жігерлендіргенін айтады. Ол өзінің дертіне қатысты комикстер салады. Қазір бойжеткен кезекті емін алып, бағаналы жасушаларын трансплантациялау жөнінде химиятерапия қабылдап жатыр. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


 

stan.kz