НАТО Ресеймен шекарасына 300 мың әскер әкеле жатыр

0

НАТО Ресеймен шекараға 300 мың сарбаз қою мәселесін талқылайды. Бұл туралы rg.ru хабарлады.

Солтүстік Альянсқа мүше елдердің әскери басшылары мұндай қадам шығыстағы шекараны нығайту үшін жасалатынын, алғашқы лекпен шекараға НАТО-ның 100 мың жауынгері аттандыралатынын атап өтті. Олардың құрамына 10 күнде Польша, Норвегия, Эстония, Латвия және Литва елдерінің әскери қызметкерлері кіреді.

Әскерлердің екінші эшелоны 10-30 күн аралығында дайын болады. Олар алғашқы лекке қолдау көрсетуге келеді.