НАТО Ресейді 2030 жылға дейінгі негізгі әскери қауіп деп атады

0

Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы Ресейді одаққа негізгі әскери қауіп ретінде қарастыруды жалғастыруда. Жарияланған «НАТО-2030: жаңа дәуірдегі бірлік» стратегиялық баяндамасында Ресей билігінің «Ресей сындарлы диалог орнатуға кедергі келтіретін» сыртқы саясаттағы «агрессивті әрекеттері» жалғасуда деп айтылған.

Басылым Ресейдің «НАТО-ның шекараларына жақын жерде қорқынышты әскери операцияларды» үнемі жүргізіп отыратынын және бұл Еуроатлантикалық аймақтың қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетіндігін атап өтті. Құжаттан Ресей өзінің әскери қуатын арттыруды жалғастырып, Қара теңіз бен Балтық өңірлерінде, Жерорта теңізі мен Арктикада агрессивті әрекет етіп, «әуе кеңістігіне және жүзу еркіндігіне қауіп-қатер туғызады» делінген құжатта.

НАТО сонымен қатар Ресей «бұрынғы кеңес республикаларына қатысты гегемонияға ұмтылады» және олардың егемендігіне нұқсан келтіреді деп санайды. Мысал ретінде Грузия мен Украина келтірілген. НАТО осы елдермен тығыз жұмыс істейтін болады, өйткені Қара теңіз аймағы Солтүстік Атлантикалық Альянс үшін стратегиялық маңызы бар. НАТО Ресейдің қысымына ұшыраған басқа демократиялық елдермен серіктестікті нығайтуға ниетті.

«НАТО бүгінде жүйелік бәсекелестіктің оралуымен ерекшеленетін неғұрлым талапшыл стратегиялық ортаға бейімделуі керек. Ресей агрессиясына, Қытайдың күшеюіне және бұзушы технология рөлінің артуына байланысты 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективада Ресей Солтүстік Атлантикалық Альянс үшін негізгі әскери қауіп болып қала береді». НАТО Ресейге қатысты екі жақты тәсілді қолдануы керек деп санайды, бұл «ұстамдылық және диалог».

Бұған санкцияларды күшейту және басқа елдердің аумағында «ресейлік құпия қызметті» әшкерелеу жатады. 1 желтоқсанда «НАТО-2030: жаңа дәуірдегі бірлік» баяндамасын НАТО елдерінің сыртқы істер министрліктерінің басшылары саммитте бейнебайланыс арқылы талқылады. Блок үшін жаңа сын-қатер — Қытайдың саяси және экономикалық өрлеуі екендігі алдын-ала жарияланды. Сонымен бірге Ресей Таулы Қарабақ пен Беларусияда болуын нығайту бөлек атап өтілді.

Керімсал Жұбатқанов