НАТО Парламенттік Ассамблеясының кезекті 64-ші сессиясына депутаттар қатысты

0

Сессия барысында халық­аралық қауіпсіздіктің маңыз­ды мәселелері қаралды. Талқы­лау­ларда Еуропа елдерінде өтетін сайлау барысында сырттан төнетін сан алуан қауіптер мен олардың сайлауға араласуына қарсы тұру, оңтүстіктегі тұрақсыздық, Қара теңіз өңіріндегі демократия мен адам құқықтарына көмектесу, Қиыр Солтүстік пен Жерорта теңі­зінде азаматтарды қорғау, Сол­түстік Кореяның ядролық бағдар­ламасы, Альянстың ғылыми-тех­нологиялық артықшылықтары, Батыс Балқандағы қауіпсіздік, сондай-ақ НАТО-ның арнайы жедел күштерінің рөлі мәселелері қозғалды. 

Сессияға қатысушылар Шы­ғыс және Орталық Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздік, сауда халықаралық жүйесі мен ғарыш саласын дамытудың келешегі жөнінде пікір алмасты. 

Сессия аясында қазақстандық депутаттар Канада Парламенті Қауымдар палатасының төрағасы Джефф Риганмен және канадалық сенатор, «Канада-Қазақстан» достық тобының тең төрағасы Джо­зеф Дэеммен кездесті. Кез­десу барысында депутаттар екіжақ­ты ынтымақтастықты одан әрі жоғары деңгейге көтеру қажет­тігін, сондай-ақ Қазақстан мен Ка­нада парламенттері арасындағы бай­ланыстарды белсенді жүргі­зудің маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар британдық депутат, Ұлыбритания палатасының Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі партия тобының же­тек­шісі Боб Стюартпен және Түркияның депутаты Камил Ай­дынмен кездесулер өтті.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз