НАТО мен Украинаның бірлескен жаттығуы нағыз соғысқа дайындық

0

ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский НАТО мен Украина елдерінің бірлескен жаттығулары «нағыз соғысқа» дайындықтан басқа ештеңе емес деп мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты ria.ru агенттігіне сілтеме жасап.

Саясаткердің пікірінше, НАТО Ресеймен соғысқа дайындалып жатқан көрінеді. Жириновский бұл туралы «Россия 1» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол жаһандық қақтығыстың 2027 жылы басталуы мүмкін екенін болжады.

«Мен 80 жасымды тыныш қарсы алғым келеді. 2026 жылы 80 жаста боламын. Содан кейін 85 жасыма дейін бастасаңыздар болады», – деді Жириновский.

Оралбай Мергенбайұлы