НАТО ірі қақтығысқа дайындалып жатыр – бас штаб

0
34

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бас штаб басшысының айтуынша, НАТО мүшелері қорғаныс шығынын жыл сайын ұлғайтып келеді екен

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. НАТО-ның жиі өткізіліп жатқан оқу-жаттығулары альянстың ірі әскери қақтығысқа әдейілеп дайындалып жатқанын көрсетеді, деп мәлімдеді Ресей Қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимов. Оның сөзін «Красная звезда» газеті жариялады.

Сейсенбі күні брифингте шетелдік мемлекеттер әскери атташелерінің алдында сөз сөйлеген Герасимов Брюссельдың доктриналық құжаттарында Ресейде қарсылас статусы бекітілгенін еске салды.

Ал НАТО-ның желтоқсандағы саммиті барысында күштердің альянстың шығыс қапталына жіберу жылдамдығы біршама артқаны айтылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бас штаб басшысының айтуынша, 2016 жылдан бастап НАТО мүшелері қорғаныс шығынын жалпы алғанда 130 миллиард долларға ұлғайтты, ал 2024 жылға қарай бұл көрсеткішті 400 миллиард долларға арттыру көзделіп отыр.

Тағы оқыңыз: НАТО бірлігін сақтай ала ма?

Бұған қоса, ғарышта басымдыққа ие болу үшін саммитте ғарыш кеңістігін әскери әрекеттер жүргізудің жеке саласы ретінде тану туралы шешім қабылданды. Яғни, ол құрлық, әуе, теңіз және киберкеңістікпен бір деңгейде болады.

«Әскери белсенділік күшейіп, блоктың әскери оқу-жаттығуларының жиілігі артуда. Бұның бәрі НАТО-ның өз әскерлерін ірі әскери қақтығысқа әдейілеп дайындап жатқанын көрсетеді», – деді Герасимов.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз