НАТО Бас хатшысы Ресейдің «агрессиялық әрекеттеріне» жауап беруге дайын болуға шақырды
НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс комитетінің мүшелеріне өз елдерінің әскери әлеуетін қолдауға, оның ішінде Ресейдің «агрессиялық әрекеттеріне» жауап беруге дайын болуға шақырды.
Мұндай мәлімдемені НАТО әскери комитетінің басшысы Стюарт Пич жасады.
Мәлімдемеде Столтенбергтің одақтастарды әскери шығындарды көбейтуге, заманауи мүмкіндіктерге инвестиция салуға және НАТО-ның сын-қатерлерге жауап беруге әскери дайындығын қамтамасыз етуге шақырғаны, олардың арасында Ресейдің «агрессивті әрекеттері», терроризм және Қытайдың күшеюіне байланысты тәуекелдер бар екендігі айтылды.
Бұған дейін НАТО-ның Бас хатшысы альянс Ресейді дереу әскери қауіптің көзі ретінде қарастырмайтынын мәлімдеген. Ол сондай-ақ, Солтүстік Атлантикалық Альянс Қытайды өзінің жауы деп санамайды, бірақ оның әлемдік аренада көтерілуі ұйым үшін проблемалар туғызатынын алға тартты.
Керімсал Жұбатқанов