NASA аппараты «алты минуттық үрейден» кейін Марсқа қонды — Даму

0

5 мамырда Жерден ұшқан америкалық InSight ғарыш кемесі Марс бетіне сәтті қонды. Трансляция NASA сайтында жүргізілді, — деп хабарлайды N+1 тілшісі. 

Кеме Қызыл ғаламшардың бетіне 2018 жылы 26 қарашада үйлестірілген әлемдік уақыт бойынша сағат 19.53-те қонды. 


© nasa.gov

Марстың ішкі құрылымын зерттеуге арналған зонд Элизиум (Марс экваторының маңы) аймағына отырғызылып, Жерге алғашқы кескінді жіберді.


Марстың бетінде түсірілген InSight ғарыш кемесінің алғашқы кескіні. © nasa.gov

Сонымен қатар, InSight «алты минуттық үрейді» бастан кешті — 350 келі салмағы бар құрылғы Марс атмосферасына сағатына 20 мың шақырым жылдамдықпен кірді және ғаламшар бетіне жайлы қону үшін аз уақытта жылдамдығын 10 есе азайтты. «Осы уақыт ішінде аппараттың жылу панельдері мың градус Цельсийге дейін қызды, — дейді Meduza тілшісі. 

Миссия 720 күнге есептелген. Оның басты міндеті — Қызыл ғаламшардың ішкі құрылымын және оның тереңдігінде болатын геологиялық процестерді зерттеу. Модульге орнатылған электрмеханикалық бұрғылау машинасы бес метр тереңдікте жерді қазу керек. Бұған дейін ғарыш аппараттары осындай тереңдікке еніп көрмеген.

Ғалымдар Марс бетіндегі жылудың қалай таралғанын және оның сыртқы қабығының, мантия және ядросының құрылымын зерттеуді жоспарлап отыр. Олар миссия барысында су қабатын анықтауы мүмкін. 


InSight қондырғысы. © nasa.gov

InSight соңғы 20 жылда NASA-ның Марсқа сәтті қондыран төртінші модулі болды.