NASA алғаш рет Марстағы жел дыбысын жазып алды

0
NASA алғаш рет Марстағы жел дыбысын жазып алды


Американың ғаламшараралық InSight зонды алғаш рет Марстағы желдің дыбысын жазып, Жерге жіберді.

Он күн бұрын Марсқа жіберілген InSight құрылғысы Жерге жел дыбысы естілетін аудиожазба жіберді. Бұл туралы NASA хабарлады. Аэроғарыш агенттігінің маманы Брюс Банердт бұл құрылғыда жел дыбысын есту міндеті болмағанын, алайда аудиожазбада «кейбір дыбыс толқындары» естілгенін айтты. Дыбыстың шағын болғаны соншалық адам құлағы оларды естімейді. Алайда, адамдар бұл дыбысты мобильді құрылғы мен ноутбук арқылы естуі үшін NASA шынайы дауысты 2 октаваға арттырған.

Агенттік сондай-ақ, Марста арнайы техниканы орнатуды жоспарлап отырғанын хабарлады, бұл планетаның бетіндегі тербелісті зерттеуге және оның құрылымы туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік береді.