Наркенже Серікбаеваның анасы дүниеден озды

0
Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның анасы өмірден өтті. Өнер иесі Instagram парақшасында марқұм анасының жаназасы қай жерде болатынын айтты, деп жазады Kaz.nur.kz
«Наркенже әпкеміздің анасы Ұлболсын апамыз Раббысына қайтты», – деп жазылған әншінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жарияланған жазбасында.
Әнші таратқан ақпаратқа сүйенсек, марқұмның жаназа намазы 24 наурызда сағат 15:00-де болады. Жаназа намазының өтетін орны: Түлкібас ауданы Түлкібас станциясы (үстірт), Әлтеев көшесі, 17 үй.
фото: әлеуметтік желіден