Нариман Құрбанов: Төгілген терім ақталды
Спорттық гимнастикадан күміс жүлде алған Нариман Құрбанов жарысты қорытындылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Бүгінгі жарысқа тоқталсақ. Ұзақ жылдар бойы кәсіби спорт жолында жүргендіктен, бірінші әлде соңғы болып шығу қатты әсерін тигізбейді. Тек бірінші болып бастағанымның бір ерекшелігі – қарсыластарым қанша ұпай алғанын білмедім. Бұл жүйкеге әсерін тигізбеді. Шықтым, өнер көрсеттім, қарсыластарымның нәтижесін күттім».
Айта кетейік, 26 жастағы Нариман Құрбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығу бойынша Париж Олимпиадасындағы алғашқы күміс жүлдені сыйлады.