Наразылық білдірушілер Ноғаевтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр

0
5370

Маңғыстау облысында шеруге шыққандар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың отставкаға кетуін талап етіп, Қазақстандағы сайлауға қатысты жағдайды сынады, деп хабарлайды kznews.kz сайты kaztag.kz-қа сілтеме жасап.

«Басында газ Т15 болды, қазір қымбаттап жатыр. Ал халық көтерілгенде неге қысым көрсетесіздер? Біз сіздерге бір ауыз сөз айта алмаймыз. Мұнда жиналғандар ешқашан әкім сайлауына қатысып көрмеген. Ренжімеңіздер. Адам шығыны жақсылыққа апармайды. Бұл 2011 жылы болды емес пе?! Егер мұнда келіп, бір ғана мәселені шеше алмасаңыздар — орындарыңызды босатыңыздар. «Халық – Алланың бір есімі» деген бар. Егер біз депутаттарды сайлай алмасақ, мәжіліске қатыса алмасақ, олар әкімдерді өздері қалағандай тағайындаса, халық не істеуі керек?» – деді наразылық білдірушілердің бірі.