Наразылар Нұрлан Ноғаевты әкімдік ғимаратына кіргізбеуге тырысты (ВИДЕО)

0

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ақтаулықтармен кездесті, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуді талап етіп, көшеге шыққан Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуге қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді. Облыстың жанармай стансаларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастама көтеріп, газ құнын 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады», — деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.

Ел алдындағы сөзінде Нұрлан Ноғаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай стансасы иелерінің баға бойынша сөз ына қатысты тергеуді бастағанын айтқан.

Әкім ақтаулықтарды да қоғамдық тәртіпті сақтап, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне жол бермеуге шақырды.

Кездесуге Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған комиссия құрамына кіретін Энергетика министрлігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты.