Наполеон туралы 10 қызықты факт
Француз императоры Наполеон Бонапарт туралы жүздеген кітаптар, мыңдаған мақалалар жазылған, ондаған фильмдер түсірілген еді. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін, бұл адамның өмірі өте жұмбақ болып көрінеді. Өмірінің ең үлкен құпиясы – қалай Еуропаның тең жартысын басқаруға қол жеткізген қарапайым корсикандық лейтенанты.
Сонымен, Наполеон туралы 10 қызықты факт.
- Туған кезде, болашақ император Наполеон ди Буонапарте деген атын алған еді. Билікке келгенде ғана, генерал бола отырып, ол бүкіл әлем білетін атын алды — Наполеон Бонапарт.
- Оның туған аралы, Корсика, Наполеонның туғанына үш ай қалғанда ғана Францияның құрамына кірген еді. Сондықтан Бонапарттың ана тілі итальян тілінің корсикандық диалектісі болды. Француз тілін Бонапарт тоғыз жасында ғана меңгере бастады және өмірінің соңына дейін елеулі екпінмен осы тілінде сөйлеген еді.
- Наполеон жастық шағында Корсиканың тәуелсіздігін қолдады. Тіпті революцияның басында, француз офицері әскери қызметте жүргенде, жергілікті/корсикандық бүлікшілерді қолдап жүрді.
- Бонапарт өте аз уақыт ұйқыға арнап жүрді — тәулігіне тек 4 сағатты ұйқыға арнады. Бірақ ол кез-келген жағдайда, тіпті ұрыс алаңында да ұйықтап қалатын еді.
- Наполеон жастық шағында 1795 жылы ең үлкен шығармалардың бірі — роман «Клиссон және Евгений» жазған еді. Көптен бері бұл роман мұрағатта сақталған еді және XXI ғасырдың басында, оның ішінде орыс тілінде, басылып шыққан еді. Болашақ императордың басқа да шығармашылығының арасында «Махаббат туралы диалог», «Бокерде кешкі ас» және т.б. шығармалар бар.
- Наполеон тамаша есінде сақтау қабілетіне ие болған адам болатын. Мәселен, бірде гауптвахтада «Юстинианның кодексін» оқып, содан кейін көп жылдан кейін ол осы Византиялық билеушінің заң жинағының барлық параграфтарын дұрыс келтірді.
- Наполеон 1789 жылы орыс әскеріне қызмет етуге кіру туралы версия бар. Алайда, еріктілерді орыс армиясына жинауға келген генерал Заборовский орыс әскери қызметіне шетелдіктердің кіргендерді бір рангпен төмендеу туралы бұйрық берді екен. Наполеон осындай жағдай қанағаттандырмады және ол орыс әскері қызметіне барған жоқ.
- Мысырға жорық жасаған кезде, Бонапарттың әскерімен бірге ондаған ғалымдар бар еді. Осыған байланысты ежелгі-мысырлық жазуы расшифровкаланып, тіпті жаңа ғылым — египетология немесе Мысырды тану пайда болды.
- Кейін белгілі «Наполеон кодексі» көптеген еуропалық елдердің заңдары үшін негіз болды.
- Наполеон өзінің жастық шағында географияға арналған дәптерді пайдаланды, онда ол осы ғылым туралы маңызды ақпараттар жазған еді. Осы географияға арналған дәптерде соңғы жазбасы мынадай болған еді: «Әулие Елена, шағын арал». Тағдырдың беймәлім жолымен, Наполеон осы аралда өлді.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты