Намаз оқып тұрып, ұялы телефонды өшірсе намаз бұзыла ма? — новости Казахстана

0

Намаз оқыған кезде ұялы телефон шырылдап қалса, оны өшіруге тура келсе бұл намазды бұзатын не бұзбайтынын muslim.kz сайтының маманы Абдусамат Қасым тарқатып айтып берді.

muftyat.kz

Көрнекі фото: muftyat.kz

«Намазда тұрғанда «көп қимылға» бармастан қалтасындағы ұялы телефонды бір қолмен өшірсе, намазы бұзылмайды. Дегенмен, мәкруһ. Сондықтан да, намазға бастамас бұрын аппаратты өшіріп немесе үнсіздікке қойған жақсы. 

Алайда, телефоны іліп қойған киімінің қалтасында болса, әлде жақын жерге қойған сөмкесінің ішінде болса, оны өшіру – «көп қимылды» тудыратындықтан намазы бұзылады», — деді Абдусамат Қасым.

Дегенмен шариғатта намазға қатысты «көп қимыл» және «аз қимыл» деген түсінік бар екен. Бірінші жағдайда, намаз бұзылады да, екінші жағдайда бұзылмайды.

Әлдекім намаз кезінде сырттан қараған кісіге «намаз оқып жатқан жоқ» деген тұжырымға келтіретін болса, ол қылығы «көп әрекет» саналып, намазы бұзылады. Сондықтан намазды қайта бастауы тиіс екен.

Мысалы, намазда киімін шешу, киім кию, бір жерін қайта-қайта қасу (үштен көп), әдетте екі қолмен істелетін істі істеу және тағы осындай әрекеттер.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар