«Найман» келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орнын атады — Спорт

0

Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсететін қазақстандық файтер (ММА) Қуат «Найман» Хамитов келесі жекпе-жектің өтетін күні мен орнын атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Хамитов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 27 желтоқсанда Мәскеудегі Fight Nights Global турнирінде жұдырықтасатынын жазған. Оның қарсыласы кім екені әлі белгісіз.

Еске салайық, Хамитовтың соңғы жекпе-жегі 2017 жылдың қарашасында Алматыдағы Fight Nights 80 турнирінің негізгі шайқасында өткен. Ол төрешілердің басым көпшілігінің даусымен ирландиялық Питер Куиллиді жеңді, бірақ кейінірек ММА федерациясы нәтижені тең қылып өзгертті.