«Нағыз махаббат»: Күйеуінің киімін үтіктеген Ерке Есмахан көпшілікті сүйсіндірді

0
Еркедей Қазақстанның ең ерке, ең сұлу әншісі киімді үтіктеп жүргені де бақыт қой.

Әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның жұбайы Раимның сахналық киімін дайындап, сахна артында жүрген сәті тарады. Жақында тұрмысқа шыққан әншінің бұл әрекеті көпшілікті сүйсінтті, деп жазады kznews.kz сайты.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ерке Есмахан өнер әлемінен аз уақытқа алшақтағысы келетінін айтқан болатын. Еркенің құдалығы өтіп, ұзатылғаннан кейін, оның жұбайы Раим Бақтыгереевтің еліміздің бірнеше қаласында жеке кеші өтуде. Ал Раимның жеке кешінде Ерке Есмахан сахна сыртында оған қолдау білдіруді таңдаған. Раим Instagram желі жариялаған суреттен Раимның сахнаға арналған киімін үтіктеп отырған Еркені байқауға болады.

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне сүйсініп, жас жұбайға бақыт тіледі. «Раим жарайсың! Жұрттың сөзі демей, өзіне не керек екенін шешті. Сыйластықтарың артсын. Ерке өз концертіне киімді өзі үтіктеп дайындалмаған шығар», «Бақытты болыңдар», «Еркедей Қазақстанның ең ерке, ең сұлу әншісі киімді үтіктеп жүргені де бақыт қой», «Нағыз махаббат», — деп жазды желідегілер.