«Нағыз король»: Головкин P4P рейтингі бойынша әлемнің үздік боксшысы ретінде мойындалды — Қазақстан жаңалықтары
Америкалық TheFightCity.com сайтының журналисі Роберт Портис әлемнің ең мықты 12 спортшысының тізімін жасады. Ол спортшыларды салмақ дәрежесіне (pound-for-pound ) қарай бөлмеген. Аталған тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин көш бастады, деп жазады Stan.kz.
«Әлемнің «нағыз» чемпиондары туралы айтқанда, ол (Геннадий Головкин – ред.) – нағыз король, орта салмақ дәрежесіндегі әлемдегі ең үздік боксшы әрі адам, ол кез келген тізімде көш бастауға лайықты. Қандай да бір шағымдарыңыз бар ма? Проблема жоқ. Өз көзқарасымды дәлелдеу үшін pound-for-pound рейтингімді қолданамын ба? Әрине. Егер төрешілер өз жұмысын жасап, Сауль «Канело» Альвареспен өткен екі ауыр жекпе-жекте лайықты жеңісті қазақстандыққа бергенде, сарапшылардың бәрінің Головкинге тізімдегі бірінші орынды бермеске амалы қалмайтын еді.
Геннадий Головкиннің рекордын, жетістіктері мен соңғы жекпе-жекте өзін қалай көрсеткенін негізге алсақ, салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшысы ретінде мойындалуға лайықты. Мұнда ешқандай сұрақ болмауы керек», — дейді Портис.
P4P рейтингінің толық тізімі:
1. Геннадий Головкин
2. Василий Ломаченко
3. Александр Усик
4. Срисакет Сор Рунгвисаи
5. Теренс Кроуфорд
6. Наоя Иноуэ
7. Эррол Спенс
8. Тайсон Фьюри
9. Мэнни Пакьяо
10. Джош Уоррингтон
11. Сергей Ковалев
12. Хуан Франсиско Эстрада.
stan.kz