«Надан енелер бар. Өзіңнің дамбалыңды өзің жу»
Диана Қырықбай ата-енесінің іш киіміне дейін жуатын ақтөбелік келіншектің әрекетіне таңғалды. Блогер кей отбасының келінге күң секілді қарайтынын айтып қынжылды. Ал кей ененің сауатсыз екенін айтып айыптады.
Бұл туралы блогер желіде айтты. Жақында отандық басылымдардың біріне сұхбат берген ақтөбелік келіншек ата-ене туралы сөз етті. Ол іш киімге дейін өзі жуатынын айтты. Диана Қырықбай оның сөзіне қарсы шықты.
“Ақтөбелік келіншектің айтқанын естіп шок болдым. Ата-енемнің іш киіміне дейін жуамын дейді. Байғұс келін. Еш арам ойы жоқ. Менің міндетім деп жуып жүрген шығар. Бірақ келін күң емес. Менің айтарым сол келіннің енесіне. Сіз өз іш киіміңіз бен күйеуіңіздің іш киімін өзіңіз жуыңыз. Оған келін жауапты емес. Кейбір келіндер бүкіл отбасындағы адамдардың іш киіміне дейін жуады. Қайын інілерінің іш киіміне дейін жуады. Бұл деген сұмдық қой. Әркім өзінің іш киімін өзі жууы керек”, – деді ол.
Желі қолданушылары бұл туралы өз көзқарасын білдірді. Оның сөзін қолдағандар да, қарсы шыққандар да бар.
“Жуса қолы сыңбайды, батасын алып жатыр”, “Сен секілділер осы қазақтың қызының болмысын құртып жүрген”, “Нең бар іш киімінде жуа ма, жоқ па. Өзің бірінші күйеуге шығып ал, сосын өзің білесің”, “Қол аяғы жарап тұрса, өзі жусын дұрыс айтады. Қартайып шамасы келмей жатса, әрине жуасың”, “Бізде дамбалдың айналасыннан асқан күрделі проблема жоқ. Бәрінің басын ауырттың ғой. Бүгін ғана білдің бе келіннің іш киім жуатынын? Қазақтың болашағын шешіп отырған жанша қиналды ғой”, “Ертең сен де ене боларсың, Алла сақтасын, бірақ сол іш киімді жууға шамаң жетпей жатса, не деп сайрайды екенсің”, “Әркім өз тазалығына өзі жауапты, кей әжелеріміз бар өз іш киімін өзі жуатын”, “Қазір бәрін машина жумай ма?”, “Бұл блогер хайп қуып жүрген адам ғой, оны неге шығара бересіңдер атақты етіп? Оған оқырман керек, іш киім де, басқасы да қызық емес”, – деді олар.