Н дыбысы, сауат ашу сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаларды Н н дауыссыз дыбысы мен әрпін таныстыру. Н н дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айтуға машықтандыру.
Коррекциялық: Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын молайтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыландыру. Диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды мейірімділікке, бір — бірінің ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ — жауап, ойын.
Көрнекілік: Суреттер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тұрғыдан зейіндерін сабаққа дайындау;
Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды баламын
II. Өткен сабақты пысықтау:
— Балалар сауат ашу сабағында біз қандай дыбыспен таныстық?
— С дыбысы қандай дыбыс?
— Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
— Қандай сөздермен таныстық?
— Сағат, сандық, сақина, сүт т. б.
Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы
Мақсаты: Балалардың диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
— Көбелекті гүлге қондыр.
— Трубочкадағы допты алысқа ұшыр.
Артикуляциялық жаттығу жасау арқылы тілді дамыту.
Алдыңғы төменгі және жоғарғы тістерді көрсетіп, ерінді күлгендегідей ұстауға дағдыландыру.
Серуен — еріндерге күлкі үйіріледі, ауызды сәл ашып, тілді ақырын тістеу. Тілді ақырын тістей отырып, оны алдыға — артқа қарай қозғалту. Тілді жалпақ етіп, еріндерге күлкі үйіріледі.
III. Жаңа сабақ:
— Балалар, мына ыдыста не бар?
— Нан бар.
— Нанды бәріміз білеміз бе? Ол не, ол дастарханға қалай келеді?
— Ол қасиетті тағам.
— Дұрыс.
— Нанның жасалу жолдарын түсіндіріп, нан (суреттер арқылы) сөзін бірнеше рет айтқызып, қандай дыбыс естілетінін балалардан сұрап, балаларға айтқызу.
— Н, н, н.
— Н дыбысы қалай айтылып тұр?
— Н дыбысы қысқа, тез айтылып тұр.
— Олай болса бұл қандай дыбыс?
— Дауыссыз дыбыс.
— Қандай түспен белгілейміз?
— Көк түспен белгілейміз
— Дұрыс балалар. Біз бүгін дыбысымен танысамыз.
— Мына суреттерге назар аударайық.
— Нан, айна, қоян т. б сөздер
— Ендеше н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен.
Н н дыбысының артикуляциялық қалпы: Айнамен жұмыс:
— «Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің үстіне тиеді,
— тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады.
— Н дыбысын әр балаға жеке — жеке айтқызу.
Тіл ұстару жаттығулары:
На — на — на
Но — но – но
Ну — ну — ну
Ен — ен — ен
Ын — ын — ын
Он — он — он
Ан — ан — ан
Н дыбысы жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/