​Мысырда жігітпен құшақтасқан бойжеткен университеттен қуылды

0

​Мысырда жігітпен құшақтасқан бойжеткен университеттен қуылды

Каирдегі әл-Азхар университетінің студенті жігітпен құшақтасқаны үшін оқудан шығарылды.


 
Бойжеткеннің оқу орнындағы кампуста жігітімен құшақтасып тұрған сәті түсірілген видео пайда болғаннан кейін жазалаған. Видеодан жігіттің қызға гүл сыйлап, тізерлеп отырып, ұсыныс жасағанын көруге болады. Қыздың келісімін алған ол бойжеткенді құшақтап, кейін қолынан ұстаған.
 
Видео университет басшылығына жеткеннен кейін студент университет ережелерін бұзғаны үшін оқудан шығарылған. Бойжеткен басшылықтың шешімі бойынша тәртіптік комиссияға шағым түсіре алады.
 
Дереккөз: Корреспондент

Дереккөз: http://reactor.inform.kz