Мысырда поезд рельстен шығып кетіп, 24 адам қаза тапты
Ажал құшқандар мен зардап шеккендердің көбісі платформада тұрған.
Мысырдың қақ ортасында орналасқан Рамсис бекетінде поезда болған өрттің нәтижесінде жиырма шақты адам қаза тауып, жиырмадан астам жапа шекті, деп хабарлайды РИА новости Египит көлік министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, поезд Рамсис вокзалындағы 7-платформаға кіре берісте белгісіз нәрсемен соқтығысқан. Нәтижесінде локаматив жарылып, отқа оранады. Ажал құшқандар мен зардап шеккендерің көбісі платформада тұрған адамдар екен.
Египиттік БАҚ 24 адамның қаза тауып, тағы елу адамның жарақат алғанын хабарлап отыр. Ақпарат бойынша, адамдардың көбісі айқай-шудың салдарынан платформа мен вокзал ғимаратынан шыға алмай улы газға тұншығып қалыпты.
Ғимарат түгел эвакуацияланып, бекеттегі поездардың жүрісі тоқтатылған.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz