«Зорлап өлтіріп, өртеп жібереді»: Алматы облысында 2 ағайындының әрекеті жұртты шошытты

0
6749
Advertisement

Алматы облысы Панфилов ауылының тұрғындары қараусыз қалған иттер мен мысықтардың жағдайы туралы айтты. Сондай-ақ, олар ағайындылардың оларға жасап жатқан қатыгездігі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Animal security қоғамдық қоры мен жергілікті тұрғындар видеодағы ғимаратты тексеріп, жануарлардың мәйіттерін тапқан.

«Ғимарат мектеп пен ойын алаңының жанында орналасқан. Айтар сөз жоқ, қорқып отырмыз. Жануарлар қабірлерін, балаларға арналған тұзаққа дейін таптық! Тұрғындар ұндай сұмдықтың үнемі болып тұратынын айтады. Балалар иттердің дауысын естіп, екі жігіттің оларды қалай зорлап жатқанын көреді. Сондай-ақ, олар әйелдер мен олардың балаларын қорқытады», – делінген жазбада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Братья наши меньшие🐾 (@animals_panfilova)

Алматы полиция департаменті екі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

«2020 жылдың 14 қарашасында Панфилов кентінің 23 жастағы тұрғыны Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ауылдарындағы біреулер қаңғыбас иттер мен мысықтарды мазақ етіп, оларды азаптап өлтіргені туралы арызданған. Бір тәулік ішінде Талғар АІІБ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Серікұлы екі ағайынды, 29 жастағы және 37 жастағы жергілікті тұрғындарды анықтап, ұстады. Олар кемінде 10 мысық пен итті азаптаған. Екі ағайынды психоневрологиялық мекемеде есепте тұр», – деп түсіндірді полиция басқармасындағылар.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі «жануарларға адамдар тобымен жасалған қатыгездік» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Облыстық ПД мәліметінше, қазіргі уақытта оларды арнайы психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі қарастырылуда.

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз