Мырзахметов әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Атамекен» басшысы зейнет жасын төмендетумен проблема шешілмейтінін, зейнетақы жүйесін өзгерту қажет екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов президенттің қатысуымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдердің зейнет жасын төмендету идеясы айтылғанын еске салды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнет жасын төмендету ұсынылды  

Мырзахметов тек зейнет жасын төмендетумен жүйенің проблемаларын шешу мүмкін емес екеніне сенімді. Оны толық реформалау керек.

«Президент вице-премьер Сапарбаевтың басшылығымен топ құруды тапсырды. Біз барлық төлемді бірыңғай әлеуметтік салыққа біріктіріп, оның ставкасын төмендетуді ұсынамыз. Себебі қазір жалақыға үлкен салмақ түсіп жатыр», — деді Мырзахметов.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының пікірінше, осы саланың барлық реформасы жан-жақты тексерілген болуы тиіс. Себебі қазір мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері аз емес.



sputniknews.kz