мыңға жуық адам пойызбен шығарылды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Сегіз мыңнан астам теміржолшы бес күнде 15 километр жолды қардан тазартты. Оларға бұл үшін 200-ден астам рейс жасауға тура келіпті

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан теміржолы қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл қардың мол жаууы мен автокөлік жолдарының жабылуы кезінде жолаушыларды тасымалдау үшін қажет.

«Барлық өңірде қатты боран кезінде теміржолды тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіледі. Теміржол көлігі мыңға жуық жолаушыны шығарды. Осы мақсатқа 25 жолаушылар составы жұмылдырылды. Ауа райы қолайсыздығы кезінде пойыздар қозғалысының кестесі бұзылмас үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр», — деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттады

Соңғы бес күнде қардың мол жаууы мен боран соғуына байланысты тоғыз мыңға жуық теміржолшы жұмылдырылды. Олар 50 мың текше метрден астам қарды, 15 километрге жуық жолды тазалады. Бұл үшін қар тазалау техникасы магистарлдық желілерге 200 рет барған екен.

«Ауа райы бұзылған жағдайда қосымша күштер жұмылдырылады», — деп нақтылады Қазақстан темір жолы.

Қазақстан тас жолдарындағы жағдай

Атап өтсек, қазір Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстары мен басқа да бірқатар өңірде мол қар жауып, боран соғып, жол нашар көрінеді. Сол себептен бірнеше тас жол жабық.



sputniknews.kz