«Мынадай сыйлық аламын деп ойламадым»: Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға құнды сый жасады (ВИДЕО)

0

Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Айтбаева әнші Мақпал Жүнісоваға алтын сақина сыйлады.

Мақпал Жүнісова бұл сыйлықты ерекше ықыласпен қабылдап, “Жан анам” концертіне тағып барғанын айтты. Ол ақ жаулықты аналардың амандығын тілеп, ризашылығын білдірді.

“Димашжанның әжесінен алтын сақина тағып барамын. Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын! Түн тыныштығын берсін!”, – деп жазды әнші.

Сахнада Халық әртісі алтын сақинаға құрмет ретінде халық әні “Сәулем-айды” жанды дауыста орындады.

фото: ашықдереккөз