Мына 50 кеңесті қызыңызға жиі айтып тұрыңыз
Мына 50 кеңесті қызыңызға жиі айтып тұрыңыз
1. Мен білемін, сен кейде маған ренжіп қаласың, бірақ мен сені бәрібір жақсы көремін.
2. Кейбір сөздер көпір соға алады. Ал, кейбірі сол көпірді жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан әрбір айтқан сөзіңді сыннан өткізіп айт.
3. Сенің шаңырағың — сен тұратын орта емес, сені жақсы көретін орта.
4. Бірінші болып кешірім сұрау әлсіздікті білдірмейді.
5. Ешқашан жігіттің соңынан жүгірме, ең дұрысы, олар өздері сені тапсын. Егер сен нағыз азамат дос жігітті кездестірсең, оның жүрегінен орын алуға тырыс. Сендердің арақашықтықтарың қарым-қатынастарыңа еш кедергі болмау керек.
6. «Жоқ» деген сөзді айтып үйрен және бұл сөзді қолдануға еш қаймықпа.
7. Біреуге игі істі жиі жасап тұр.
8. Дүние сені бақытты етпейді.
9. Ешқашан біреуді сынама. Бірақ, әрқашан өзгенің өзіңді сынауына дайын бол. Бұл өмір, кеудеңді тік ұста, қызым!
10. Санаңды да, өзіңді де, айналаңды да таза ұста.
11. Алдына мақсат қой, сол мақсатқа жету үшін күресе біл.
12. Әрбір кішкентай қиындыққа еңсеңді түсіре берме. Басқа қиындық түсу ақырзаманды білдірмейді.
13. Сен ешқашан өзгені өзіңмен салыстырма, олар ешқаша сен секілді бола алмайды.
14. Біреуді қаншалықты жақсы көрсең де, өзіңді жоғалтпауға тырыс.
15. Сөйле! Өз дауысынды тап және оны қолдан.
16. Ең бірінші өзіңді сүй. Сонда ғана сен өзгені сүйе аласың. Сол кезде ғана қыз боп туған қандай керемет екенін түсінесің.
17. Саған өз өмірбаяныңды жазуға тура келетін уақыт туады, сол кезде қағаз бетін тек бақытты сәттерді жазып толтыруға тырыс.
18. Өмірде сен санасы төмен көптеген қыздарды кездестіресің. Олардан іргеңді аулақ ұста.
19. Әр қошемет сөздерді дұрыс қабылдай біл. Маған сенші — сен ғажап қызсың!
20. Әрқашан адал бол.
21. Өз рөліңде бақытты болуды біл және ешқашан жалғыздықтан қорықпа.
22. Ешқашан өз сезіміңді сыртқа шығаруға қорықпа.
23. Білім — алып күш. Өзіңді дамыт!
24. Сенің қайғыңды, қуанышыңды бөлісіп тұратын, әрдайым сені қолдап жүретін жанды таңда.
25. Есіңде болсын! Сен ешкімнің жекеменшігі емессің. Сен қызсың, өз бағаңды біл. Және бағаңның қаншалықты қымбат екенін ешкімге айтпа.
26. Ұрысуға болады. Бірақ тоғызыншы ережені ұмытпа!
27. Өз-өзің үшін тұра алатын бол. Сен өзіңде жалғызсың.
28. Сәтсіздікті бастан кешіруден қорықпа. Қателік — өзіңнің сапаңды және мүмкіндігіңді жетілдіретін жаңа баспалдағың болуы мүмкін.
29. Қандай жағдай болмасын мен сені қолдап жүретінімді біл.
30. Еш келісімсіз біреуге көмектесе біл, бұл сені бақытты етеді. Әлемге не сыйласаң, өзің де соны аласың.
31. Құрметті бол, ризалық мінезді ашады.
32. Өзіңнің ішкі сезіміңе, дауысыңа сен.
33. Өзіңді ұнатқыза алатын қыз, көпшіліктің көреалмаушылығынан, сыбысынан қаша алмайды. Сондықтан ешкімге де, ешнәрсеге де мән берме. Өзіңмен өзің бол.
34. Сенің қандай екенінді сөзің емес, ісің көрсетеді.
35. Өз сезіміңді жасырма, сезіміңді білдіруге жол тап.
36. Сұлулықты әрбір заттан көр.
37. Еркекті байлығы үшін емес, кемеңгерлігі үшін бағала. Әйелді сұлулығы үшін емес, адалдығы үшін бағала.
38. Өзіңді жақсы көретін адамдардан ешқашан байланыс үзбе.
39. Өмір жолында әрдайым басыңды тік ұстап жүр. Өз-өзіңе сенімділік жағымды болады.
40. Қажет кезінде жылап ал. Және сол көз жасынан жаңа күш тап.
41. Күлкі жанның дауасы.
42. Өзгенің әуенін құрметте, бірақ өз әуеніңе биле.
43. Әрқашан өзіңді қамтамасыз ететін жағдайда бол.
44. Сенде бәрі жеткілікті.
45. Сен маған кез-келген уақытта, не болсада айта аласың. Мен әрдайым сенің жаныңнан табыламын.
46. Қыздар ешқашан жігіттердің көз жасы мен шағымын шешуге асықпау қажет. Негізі жігіттер өз проблемасын өздері шешу керек.
47. Сенің қабілетің өзің ойлағаннан да зор.
48. Сен өте сұлусың және ешқашан ешкімге өзіңді өзіңе басқаша сезіндіруіне жол берме. Өзгенің пікірі, тек реңкілі әуен.
49. Өмір тек бүгінгі күннен тұрады. Қазіргі сәтте өмір сүр. Сен кешегі мен ертеңгі күнді толықтай басқара алмайсың. Сенде бардың барлығы бүгінге, сондықтан әрбір бүгінгі күнді бақытпен өткізуге тырыс.
50. Тағы да есіңе сақта, мен әрдайым сені жақсы көремін.
Дереккөз: Reactor
Дереккөз: http://reactor.inform.kz